Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада есірткі қылмысына қатысы бар күдікті полициядан қашпақ болды

Елордада есірткі қылмысына қатысы бар күдікті полициядан қашпақ болды
Фото: polisia.kz

Елордада есірткі қылмысына қатысы бар күдікті полициядан қашпақ болды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада полицейлер есірткі заттарын сақтау және таратуға күдікті 25 жастағы ер адамды ұстады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Chery автокөлігін тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші заңды талапқа бағынбай, тоқтамай, жасырынуға әрекет жасаған. Қуғын барысында ол тұрғын үй ауласына кіріп, екі тұрақта тұрған автокөлікпен соқтығысқан. Одан кейін ер адам көлікті тастап, жаяу қашпақ болғанымен, полиция қызметкерлері оны ұстады.

Көлікті тексеру барысында артқы орындығынан жасыл түсті оқшаулағыш таспамен оралған, ұнтақ тәрізді зат салынған орама табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат — жалпы салмағы шамамен 500 грамм болатын Альфа-PVP есірткі заты екені анықталды. Аталған дерек бойынша есірткі заттарын тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция ескертеді: есірткіге байланысты кез келген әрекет — сақтау болсын, тарату болсын — ауыр қылмыс болып саналады және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына әкеледі. Жауапкершіліктен қашу, айғақтарды жою немесе жасырыну әрекеттері жағдайды тек ушықтырып, жазадан босатпайды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады