Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада полиция ірі көлемдегі "синтетиканы" тасымалдау әрекетінің жолын кесті

Елордада полиция ірі көлемдегі
Фото: polisia.kz

Елордада полиция ірі көлемдегі "синтетиканы" тасымалдау әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада полицейлер қала аумағынан шығаберістегі бекетте Hyundai автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісін тоқтатты. Құжаттарды тексеру үшін көлік тоқтатылған сәтте ер адам қобалжып, көлікті тастап, жаяу қашуға әрекет жасаған. Алайда ол полиция қызметкерлерінен ұзап кете алмай, оқиға орнында қолға түсті. Көлікті тексеру барысында жүксалғыш бөлігінде, қаптаманың астынан өзіне тән иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған қара полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 2 келіден асатын синтетикалық есірткі — альфа-PVP екені анықталды. Сонымен қатар, вакуумдауға арналған құрылғы мен zip lock пакеттері  қаптама материалдары табылып, бұл затты әрі қарай өткізуге дайындау әрекетін көрсетеді. Барлық айғақ заттар тәркіленді. Анықталғандай, күдікті есірткінің ірі партиясын басқа өңірге жеткізуді жоспарлаған.

Қазіргі уақытта осы іске қатысы бар өзге тұлғалар анықталуда. Аталған дерек бойынша ер адамға қатысты есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау және тасымалдау фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Полиция заңмен тыйым салынған заттарды сақтау мен таратуға қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Осындай фактілер туралы ақпарат болған жағдайда 102 нөміріне хабарласу қажет.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты