Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ пәтер ұрлықтарын ашты

ІІМ пәтер ұрлықтарын ашты
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі - пәтер ұрлықтарына қарсы іс-қимыл, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап пластикалық терезелерді күшпен ашу арқылы ұрлық жасаған пәтер ұрылары құрықталды. Қаскөйлер алтын бұйымдарды, ақша және басқа да құнды заттарды ұрлап, жалпы 21 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 20 наурызда криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Олардың тоғыз пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Пәтер ұрлығымен айналысқан тағы бір қылмыстық топ 24 наурызда Алматы облысы аумағында ұсталды. Олардың есебінде үш қылмыс бар. Бұл топта 14 және 17 жастағы жасөспірімдер болған. Тұрғын үйлерді қылмыстық әрекеттерден қорғау үшін ІІМ азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

• сапалы құлыптары бар сенімді есіктерді орнату;

• төменгі және жоғарғы қабаттардағы терезелерге торлар қою;

• заманауи қауіпсіздік құралдарын пайдалану: дабыл, бейнебақылау жүйелері, сондай-ақ күзет ұйымдарының орталықтандырылған бақылау пультіне қосылу;

• әлеуметтік желілерде құнды заттар және олар қойылған жер туралы ақпарат жарияламау;

• ірі көлемдегі ақша мен зергерлік бұйымдарды қолжетімді жерлерде сақтамау.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді