Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда қала әкімдігінің Қоғамдық қабылдауы — Open Almaty байланыс орталығының бірыңғай 109 нөмірі енгізілді. Бұл нөмір бұрынғы 1308 нөмірінің орнына қолданылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа формат өтініштерді тәулік бойы, демалыс және мереке күндері де қабылдауға мүмкіндік береді. Бірыңғай нөмірге көшу өтініштерді қабылдау жеделдігін арттыруға, жауап күту уақытын қысқартуға және қалалық сервистерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

109 байланыс орталығы қалалық инфрақұрылым, көріктендіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да бағыттар бойынша өтініш қабылдайтын негізгі байланыс арнасына айналды.

Сонымен қатар тұрғындар үшін қосымша байланыс тәсілдері сақталған:
— Open Almaty әлеуметтік желілері (Instagram, Facebook, Telegram);
— өтініш беріп, оның орындалуын бақылауға болатын Open Almaty порталы;
— өтінім жолдап, мәртебесін қадағалауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша;
— Абай даңғылы, 90 мекенжайындағы жобалық кеңсе.

Осылайша, әр тұрғын өзіне ыңғайлы тәсілді таңдап, өтінішті онлайн немесе келіп жолдай алады.

Бірыңғай 109 нөмірінің енгізілуі — қала тұрғындарымен өзара байланысты күшейту және сервистер сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады