Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында полиция жолдағы заңсыздыққа тосқауыл қойды

Түркістан облысында полиция жолдағы заңсыздыққа тосқауыл қойды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы тәртібін қамтамасыз ету бағытында жүйелі және нәтижелі жұмыс жүргізіп келеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кезекті жедел әрекеттің нәтижесінде үйлену тойы кортежі кезінде болған өрескел құқық бұзушылықтардың жолы кесілді. Полицейлердің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында арнайы қызметтік көліктерге тән жарқылдауық шамдарды заңсыз орнатып, жол қозғалысы ережелерін елемеген жүргізушілер қысқа уақыт ішінде анықталып, тоқтатылды. Оқиға Леңгір қаласының орталық көшелерінің бірінде тіркелді. Тәртіп сақшыларының кәсіби әрекеті нәтижесінде Toyota Camry 40 және ВАЗ-21115 автокөліктері тоқтатылып, жүргізушілердің заң талаптарын бұзғаны дәлелденді.

Құқық бұзушыларға қатысты заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қабылданып, автокөліктер айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар полицейлер тарапынан жүргізушілерге түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізіліп, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызы айтылды. Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысының полицейлері осындай 5 заңсыз кортежді анықтап, әрбір дерек бойынша жедел әрі нақты шаралар қабылдаған. Бұл өңірдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі жүйелі жұмыстың нақты көрінісі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды