Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Наурыз тойы өтіп жатыр

Астанада Наурыз тойы өтіп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада Наурыз мейрамына арналған ауқымды іс-шаралар қаланың барлық негізгі алаңдарында жалғасып жатыр. Атап айтқанда, қала әкімдігі алдындағы алаңда, «Қазақ елі» монументі маңында, «Астана Арена» стадионының автотұрағында, «Ататүрік» паркінде, Astana Music Hall автотұрағында және EXPO аумағында мерекелік іс-шаралар өтуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Негізгі алаңдарда ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдары ұсынылатын фуд-корттар мен жәрмеңкелер жұмыс істейді, шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, ұлттық салт-дәстүрлер көрсетілуде. Спорт әуесқойлары үшін қазақша күрес, садақ ату, гір спорты, қол күресі, асық ату бойынша жарыстар өткізіліп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.

Дәстүрлі ойын-сауықтармен қатар, биыл елорда тұрғындары мен қонақтары алғаш рет роботтар мен жасанды интеллект элементтері бар ерекше интерактивті аймақтарды тамашалай алады. Қонақтар цифрлық іс-шараларға қатысып, инновациялардың ұлттық дәстүрлермен қалай үйлесетінін көре алады.

Есіл ауданында тұрғындар мен қала қонақтары EXPO аумағында жиналуда. Мұнда ауқымды мерекелік бағдарлама өтіп жатыр. Бұл жерде арнайы алты тақырыптағы киіз үй жұмыс істейді, олар заманауи цифрлық технологияларды қолдана отырып безендірілген. EXPO аумағы ұлттық этно-стильде шағын сәулеттік формалармен – тайқазан, аркалар, шаңырақ, қобыз бейнесіндегі шатырлар және қазақ мәдениетінің басқа да элементтерімен көркемделген.

EXPO халықаралық көрме орталығы аумағында орналасқан «Заң мен тәртіп» тақырыбындағы киіз үйі іс-шаралардың негізгі орталықтарының біріне айналды. Мұнда күн сайын ағартушылық, интерактивті және әлеуметтік бағыттағы шаралар өтеді. Бағдарлама құқықбұзушылықтың алдын алу, киберқауіпсіздік және салауатты өмір салтын насихаттау бағыттарын қамтиды.

Келушілер үшін QR-код арқылы қолжетімді оқу материалдары бар кибергигиена бойынша тестілеу, киберқауіпсіздік пен нашақорлықтың алдын алу тақырыптарында дәрістер, қазақ және орыс тілдерінде Kahoot викториналары ұйымдастырылған. Сонымен қатар заманауи технологиялар көрсетіліп, робот-ит пен полиция дроны таныстырылуда.

Сондай-ақ, жүздеген қала тұрғынының қолымен жасалған «Ұлы Дала Аруы» арт-инсталляциясын көруге болады. Ол 3250 шаршыдан жасалып, Қазақстанның барлық өңірін білдіретін 17 күн шапағын құрайды. Әр элемент жеке шаңырақты бейнелейді. Басты сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы