Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда есірткі сату арнасы әшкереленді

Талдықорғанда есірткі сату арнасы әшкереленді
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда есірткі сату арнасы әшкереленіп,  5 келіден астам гашиш тәркіленді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорған қаласында Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымын тоқтатуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Операция барысында Еркін ауылында есірткіні заңсыз сақтау және сату күдігімен Талдықорған қаласының 62 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу әрекеттері шеңберінде полицейлер бақылау сатып алу жүргізіп, күдіктіден жалпы салмағы 5 грамнан асатын гашиш есірткі заты сатып алынды.

Тінту кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған алты полиэтилен пакет тәркіленді. Сонымен қатар үй ауласындағы сарайдан скотчпен оралған үлкен қара пакет табылды. Оның ішінде жалпы салмағы 5 келіден асатын, өзіне тән иісі бар, алдын ала болжам бойынша гашиш есірткі заты анықталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, барлық мән-жайлар анықталуда. Күдіктіге қатысты сот шешімімен денсаулық жағдайына байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

- Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес – полиция жұмысының басым бағыттарының бірі. Есірткі сақтау мен таратудың кез келген дерегі қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылады, – деп атап өтті Жетісу облысы полиция департаментінде.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті