Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада полицейлер бірқатар есірткі қылмысының бетін ашты

Елордада полицейлер бірқатар есірткі қылмысының бетін ашты
Фото: Polisia.kz

Елордада полицейлер бірқатар есірткі қылмысының бетін ашты, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Елордада полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымын тоқтату бағытындағы жұмысын қарқынды жалғастырып жатыр. Астанада полиция қызметкерлері пәтерден есірткі қоймасын анықтады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен елорданың 22 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізілген тінту кезінде пәтердің ас үй бөлмесінен марихуана, гашиш майы және каннабис шайыры табылып, тәркіленді. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы шамамен 2 келіні құрады. Анықталғандай, күдікті  қоймада есірткінің партияларын қабылдап, сақтап, кейін интернет арқылы таратылуы үшін басқа адамдарға берген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар полиция жедел іс-шаралар барысында ірі көлемдегі есірткі заттарымен 53 жастағы шетел азаматын ұстады. Жеке тінту кезінде ер адамның жанынан өсімдік тектес, өзіне тән иісі бар жасыл түсті зат салынған екі орама табылды. Аталған зат марихуана екені анықталды. Ұсталған адамның тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізілген тінту барысында полицейлер ас үйде, пештің астынан – екі түссіз пакет пен электронды таразыны, қонақ бөлмеде – 30 пакеті бар сөмке мен қорапты, балконда – рюкзак пен тағы 15 пакет, сондай-ақ үш пластмасса ыдысты тәркіледі. Көрсетілген орындардың барлығынан өзіне тән иісі бар сұр-жасыл түсті зат табылып, оның гашиш екені белгілі болды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 17 келіден астам гашиш пен 1 келі марихуананы құрады. Барлық табылған заттар алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот шешімімен ер адам қамауға алынды. Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымына, оның ішінде сақтау мен таратуға қатысу қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Азаматтарды интернет пен анонимді мессенджерлер арқылы ұсынылатын жеңіл табысқа  алданбауға, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымы туралы барлық мәліметті дереу полицияға хабарлауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті