Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы тұрғыны SIM-карталарды тіркеу схемасына қатысқаны үшін сотталды

Алматы тұрғыны SIM-карталарды тіркеу схемасына қатысқаны үшін сотталды
Фото: polisia.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері абоненттік нөмірлерді жаппай тіркеуге байланысты заңсыз әрекеттің жолын кесті. Нөмірлер кейін алаяқтық схемаларда пайдаланылған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала тұрғыны ұсталды. Одан әртүрлі байланыс операторларына тиесілі көп мөлшердегі SIM-карталар, сондай-ақ оларды тіркеу мен іске қосуға пайдаланылған мобильді құрылғылар тәркіленді. Тергеу барысында анықталғандай, әйел адам интернет арқылы ұсынылған "қашықтан табыс табу" туралы хабарландыруға жауап берген.

Белгісіз кураторлардың нұсқауымен ол ақшалай сыйақы үшін SIM-карталар сатып алып, оларды мессенджерлерде тіркеп, растау кодтарын үшінші тұлғаларға беріп отырған. Анықталғандай, белсендірілген абоненттік нөмірлер кейін түрлі қылмыстық схемаларда, соның ішінде азаматтарға жасалған алаяқтық қоңырауларда пайдаланылған. Сот шешімімен әйел кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

– Көпшілік мұндай “жұмысты” зиянсыз деп қабылдайды, алайда іс жүзінде олар қылмысқа сыбайлас болып шығады. Әрбір берілген растау коды — азаматтарды алдаудың бір құралы, — деді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті