Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

3 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді: Шымкентте киберпол интернет-алаяқтарға қызмет көрсеткен арнаны жойды

3 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді: Шымкентте киберпол интернет-алаяқтарға қызмет көрсеткен арнаны жойды
Фото: polisia.kz

Шымкент қаласында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтарды қазақстандық SIM-карталармен қамтамасыз етіп келген арнаның жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізілген мұқият талдау және жедел іс-шаралар нәтижесінде алаяқтарды қазақстандық байланыс операторларының абоненттік нөмірлерімен қамтамасыз еткен тұлғалар анықталды. Бұл нөмірлер азаматтарға, оның ішінде шетелде жасалатын алаяқтық қоңырауларға пайдаланылған. Бірінші SIM-карталарды жаппай тіркеп, үшінші тұлғаларға WhatsApp мессенджеріндегі растау кодтарын беріп отырған ер адам ұсталды. Осылайша алаяқтар қазақстандық нөмірлерге тіркелген аккаунттарды өз бақылауына алып, қылмыстық схемаларда қолданған. Жедел іс-шаралар барысында киберполиция қызметкерлері екінші қатысушыны анықтады. Ол –телефондарға арналған аксессуарлар дүкенінің сатушысы.

Клиенттердің жеке деректерін пайдаланып, олардың атына қосымша абоненттік нөмірлер рәсімдеп, өткізіп отырған. Аталған арна арқылы 3 мыңнан астам абоненттік нөмір пайдалануға қосылып, интернет-алаяқтық әрекеттерде қолданылғаны белгілі болды. Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция ескертеді: мұндай заңсыз схемаларға қатысу, жәбірленушілермен тікелей байланыс болмаса да, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мессенджерлердегі растау кодтарын бөгде адамдарға бермеңіздер және үшінші тұлғаларға өз атыңызға SIM-карта рәсімдеуге келіспеңіздер – бұл қылмыстық схема болуы мүмкін.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді