Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент сауда саласының қазіргі жай-күйі мен алдағы даму бағыттары туралы есепті тыңдады.

Мемлекет басшысына 2025 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің 19 пайызға жуығы сауда-саттыққа тиесілі екені баяндалды. Қазақстан экономикасының маңызды секторларының бірі саналатын салаға 1,2 триллион теңге инвестиция құйылған. Ал тауар айналымы 8,9 пайызға ұлғайып, 80,3 триллион теңгеге жеткен.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа электронды сауданың дамуы жөнінде мәлімет берілді. Былтыр оның көлемі 3,9 триллион теңгені құраған. Бұл – бөлшек сауданың 15 пайызына тең. Елімізде 10 логистика орталығынан тұратын желі қалыптасты. Астана мен Алматы қалаларында екі ірі фулфилмент-орталық салынып жатыр.

Сауда және интеграция министрлігі еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтуға айрықша мән беруде. Жаһандағы экономикалық сын-қатерлерге қарамастан, сыртқы нарыққа шығарылатын шикізаттық емес тауар түрлері мен қызметтер көлемі 41 миллиард долларға жетті. Экспорттаушыларды қаржылай қолдау тетіктері айтарлықтай кеңейді. Атап айтқанда, сақтандыру сомасының максималды мөлшері 1,2 триллион теңгеге дейін көбейіп, қолдау шаралары екі есе артты.

Мемлекет басшысына Еуразиялық экономикалық одақ аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтылды. ЕАЭО құрылғаннан бері 70 сауда кедергісінің 69-ы жойылды. Келіссөздер нәтижесінде еліміздің бірқатар мәселеге қатысты ұстанымы ескерілді. Оның қатарында Қазақстан кәсіпорындарына демпингке қарсы баж салығын төлемей, кейбір тауар түрлерін кіргізуге квота беру секілді маңызды мәмілелер бар.

Президент ведомствоға заманауи сауда экожүйесін қалыптастыру, отандық өндірістің өсуіне қолайлы жағдай жасау, тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты қорғау, экспорттық әлеуетті нығайту, сондай-ақ елдің экономикалық мүдделерін ілгерілету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті