Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тоқаев Сауда және интеграция министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Сұлтанов мемлекет басшысына Қазақстанның ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің 12-конференциясына төрағалығының қорытындысы туралы баяндады. Жиын барысында маңызды шешімдер қабылданған. Атап айтқанда, ДСҰ-ны реформалау үдерісін бастауға және 20 жылдан астам уақытқа созылған Балық аулау субсидиялары туралы жаңа келісімді қабылдауға қол жеткізілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің сыртқы сауданы дамыту және экономикалық интеграция аясында ұлттық мүддені қорғау жұмыстарының нәтижесі ұсынылды. Сауда және интеграция министрі биылғы 4 айдың ішінде шикізаттық емес тауарлар экспорты былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 33,9 пайызға артып, 5,6 миллиард доллардан 7,5 миллиард долларға дейін өскенін мәлімдеді. Қызмет көрсету экспорты 5,8 миллиард долларға жеткен.

Мемлекет басшысына трансшекаралық хабтарды және сауда-логистикалық инфрақұрылымды өркендету, соның ішінде "Солтүстік – Оңтүстік" көлік дәлізі мен Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойымен дамыту жөніндегі жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді. Бақыт Сұлтанов Үкіметтің негізгі азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету шаралары жөнінде есеп берді.

Оның айтуынша, 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспардың жүзеге асырылуы 2024 жылға қарай импортқа тәуелді негізгі тауарлар бойынша халықты жүз пайыз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Президент сыртқы сауда қызметін жандандыру және шетел нарығындағы Қазақстан өнімдерін ілгерілету жөнінде тапсырма берді. Мемлекет басшысы ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін негізгі азық-түлік тауарлары экспортын реттеу қажет екеніне баса мән берді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда