Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді

Алматыда заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді
Фото: polisia.kz

Алматы қаласында полиция қызметкерлері заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға және шетелдік жұмыс күшін заң талаптарын бұза отырып тартуға байланысты құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жүргізілген іс-шаралар барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетел азаматтары анықталды. Олардың қала аумағындағы нысандардың бірінде заң талаптарын сақтамағаны әрі жұмыс істегені белгілі болды. Барлық тұлға мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алдын ала деректер бойынша, ұйымдастырушылар заңсыз көші-қон арнасын құрған болуы мүмкін. Осы фактіге қатысты материалдар тіркеліп, тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Қазір Алматы қаласында көші-қон заңнамасын бұзуды анықтау және тоқтату, сондай-ақ елде заңсыз жүрген шетел азаматтарын табу мақсатында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

– Заңсыз көші-қон фактілерін анықтау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Басты мақсат – құқық бұзушылықтарды тоқтатумен қатар, заңсыз көші-қон арналарының алдын алу. Іс-шара аясында жұмыс берушілерге және шетел азаматтарының ықтимал тұру орындарына бақылау күшейтілді. Анықталған барлық құқық бұзушылық заң талаптарына сәйкес қатаң түрде тоқтатылады, – деп атап өтті Алматы қаласы ПД Түрксіб ауданы полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев. 

Алматы қаласының полициясы көші-қон бақылауын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті нығайту бағытындағы кешенді жұмыстарды жалғастырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді