Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған кәсіпкер анықталды

Шымкентте шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған кәсіпкер анықталды
Фото: polisia.kz

Шымкентте шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған кәсіпкер анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері заңсыз миграция арналарының жолын кесу және адам саудасының алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. Тексеру барысында кәсіпкерлік нысандарының бірінде 20 шетел азаматы көші-қон заңнамасының талаптарын бұзып, тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп жүргені анықталды. Аталған дерек бойынша құқық бұзушыларға қатысты жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жолданды. Сонымен қатар заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін кәсіпкерлік нысанының басшысы да жауапкершілікке тартылды.

Жалпы жүргізілген іс-шара барысында Қазақстан Республикасының аумағына кіру, шығу және онда болу қағидаларын бұзудың 100-ден астам дерегі анықталды. Әрбір жайт бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Полиция шетел азаматтары мен оларды жұмысқа тартатын жұмыс берушілерге көші-қон заңнамасын сақтау міндетті екенін еске салады. Белгіленген талаптарды бұзу заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді