Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Республикалық жолдардағы 229 су шаю қаупі бар учаске Көлік министрлігінің бақылауында

Республикалық жолдардағы 229 су шаю қаупі бар учаске Көлік министрлігінің бақылауында
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне көлік инфрақұрылымын дайындау мәселелері бойынша кезекті жедел кеңесін өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Кеңес барысында көктемгі су тасқыны кезеңінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары мен теміржол желілерінде қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету шаралары қарастырылды.

Қазіргі уақытта республикалық автожолдарда жалпы ұзындығы 160 шақырымды құрайтын су шаю қаупі бар 229 учаске бақылауға алынған. Аталған учаскелерге 2252 бірлік техника бекітіліп, күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Алдын алу шараларын қабылдау мақсатында 40 мың м³ бут тасы, 16 мың м³ құм, 5 мың м³ қиыршық тас және 23 мың м³ құм-қиыршық тас қоспасы, сондай-ақ 280 мың қап дайындалды. Сонымен қатар, тасқын суды кедергісіз өткізу үшін су өткізгіш құбырларын тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Су басу қаупі бар учаскелерде 2025 жылы 582 жаңа су өткізгіш құбыр орнатылды, ал 2026 жылы тағы 467 құбыр орнату жоспарланып отыр.

Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде соңғы төрт жылда республикалық автожолдардағы су басу қаупі бар учаскелер саны 396-дан 229-ға азайды.

Теміржол желісінде жоспарлы түрде 290 вагоннан тұратын 45 пойыз жасақталды. Олар қажетті құрал-жабдықтармен, инертті материалдармен, бут тасымен және металл көпір құрылымдарымен қамтамасыз етілген.

Оңтүстік, Батыс және Шығыс өңірлерінде 2350 көпір, 4426 су өткізгіш құбыр, 1215 км кювет және 336,8 км таулы арықтар толық тазартылды. Бұл жоспарланған жұмыстың 100 пайызын құрайды. Солтүстік өңірде аталған нысандарды тазарту жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда.

Су тасқыны кезеңінде жедел әрекет ету үшін қажетті құрылыс материалдары да дайындалды. Атап айтқанда, 2,5 мың м³ бут тасы, 7,4 мыңнан астам темірбетон шпалдар, 10 инвентарлық металл аралық құрылымдар және 41 инвентарлық рельстік пакет әзірленді.

Кеңес қорытындысы бойынша вице-министр «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы РМК, «ҚТЖ» ҰК» АҚ МЖБ және жергілікті атқарушы органдарға су басу қаупі бар учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды, іс-қимылды үйлестіру үшін жұмыс топтарын құруды және жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды.

Көлік инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындау жұмыстары Көлік министрлігінің ерекше бақылауында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі