Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Көлік министрлігінде теміржол инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындау мәселелері талқыланды

ҚР  Көлік министрлігінде теміржол инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындау мәселелері талқыланды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғановтың төрағалығымен теміржол инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Кеңеске «Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылары қатысты.

Отырыс барысында қатысушы ұйымдардың өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Жоспарлы түрде қажетті құрал-жабдықтармен, инертті материалдармен, бутты тастармен және металл құрылымдармен жабдықталған 290 вагоннан тұратын 45 су шайылуына қарсы пойыз жасақталуда. Оңтүстік өңірде осындай 15 пойыз жасақталған.

ТЖМ аумақтық органдарымен теміржолдан жоғары орналасқан 83 су қоймасы мен бөгеттің жағдайы тексерілді.

Көпірлердің, құбырлардың және дренаждық құдықтардың саңылауларын қардан, мұздан және қоқыстан тазарту жұмыстары жалғасуда. Таулы және су бұру арналары, науалар мен кюветтер тазртылуда.

Теміржол учаскелерін тексеру үшін басшылардың шығу кестесі бекітілді.

Министрлік теміржолдың және жасанды құрылыстардың жай-күйіне, сондай-ақ еріген сулардың өтуіне тұрақты бақылауды және тасымалдау процесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді