Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Фельдшерге шабуыл: күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фельдшерге шабуыл: күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Фото: pixabay.com

Елордада жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшерін ұрған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Медициналық қызметкерге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анықталғандай, жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына шақырту бойынша барған. Онда мас күйде болған екі ер адам болған. Олардың бірі өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Медициналық қызметкерлер қажетті тексеру мен көмекті көрсеткеннен кейін оқиға орнынан кетуге дайындалған кезде ер адамдардың бірі агрессивті әрекет танытып, фельдшерге соққы жасаған. Оқиға куәгерлері полиция қызметкерлерін шақырған. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция ескертеді: маңызды әлеуметтік міндет атқарып жүрген жедел қызмет өкілдеріне қатысты агрессия, күш қолдану немесе қорқыту әрекеттерінің кез келгені қатаң түрде тоқтатылады. Қазақстанда медициналық қызметкерге, сондай-ақ қызметтік міндетін атқарып жүрген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты қорқыту немесе күш қолдану үшін жауапкершілік күшейтілді. 7 наурызда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы күшіне енді. Аталған бап бойынша айыппұлдан бастап, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі