Қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.