Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда газбен жабдықтаудың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі

Алматыда газбен жабдықтаудың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда газды қауіпсіз пайдалану мен үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету жұмысы жалғасып жатыр. Газ тарату желілерінің жағдайы мен жылыту маусымындағы профилактикалық іс-шаралар туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Айбек Қасымов айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік бөлімшесі Алматы мен облыстағы жоғары, орта және төмен қысымды жер асты және жер үсті газ құбырын, сондай-ақ оларға тиесілі нысандарды қауіпсіз әрі апатсыз пайдалануды қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын мамандары газ реттеу пункттерін, жапқыш арматураларды, газ құдықтары мен электрохимиялық қорғаныс құралдарын жөндеу мен қызмет көрсету жұмысымен айналысады. Сонымен қатар қызметкерлер төтенше жағдай мен апаттарды оқшаулау және жою, жаңа газ құбырын желіге қосу, сондай-ақ газды ажырату, алғашқы және қайта іске қосу мен газ құбырлары учаскелерін үрлеу жұмысын жүргізеді.

«Бөлімшеміздің негізгі міндеті — газ тарату желілерін қауіпсіз әрі апатсыз пайдалануды қамтамасыз ету. Біз әртүрлі қысымдағы газ құбырларына қызмет көрсетіп, олардың техникалық жағдайын бақылап, уақтылы жөндеу отырамыз.

 Сондай-ақ мамандарымыз ықтимал оқиғалар мен апаттарды жоюға қатысады, қажет болған жағдайда жаңа газ құбырын қолданыстағы жүйеге қосады. Мұның барлығы Алматы тұрғындарын газбен үздіксіз әрі қауіпсіз қамтамасыз етуге бағытталған», — дейді Айбек Қасымов.

Бүгінде Алматы өндірістік бөлімшесі қалада 4 855 шақырым газ тарату желілерін пайдаланып отыр. Жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін инвестициялық бағдарлама әзірленген. Оның аясында 2024 жылы 26,88 шақырым газ құбыры жаңғыртылды, дәл осындай көлемдегі жұмыс былтыр да атқарылды. Биыл 36,494 шақырым газ құбырын қайта жаңғыртпақшы.

Халықпен жүргізілетін профилактикалық жұмысқа да ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын мамандар абоненттерге жадынама таратып, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық материалдар жариялайды. Сондай-ақ әлеуметтік бейнероликтер Алматы метрополитенінде көрсетіледі. Бұдан бөлек, «112» бірыңғай диспетчерлік қызметі арқылы тұрғындарға тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану ережелері туралы қысқа SMS-хабарламалар жіберіледі.

«Газды пайдалану қауіпсіздігі көп жағдайда тұтынушылардың өзіне де байланысты. Біз тұрақты түрде түсіндіру жұмысын жүргізіп, жадынама таратып, газ жабдықтарын пайдалану ережелерін түсіндіреміз. Сонымен қатар ТЖБ қызметкерлерімен бірге тұрғын үйлерді аралаймыз, әсіресе әлеуметтік осал топтар тұратын үйлерге барамыз. Мұндай сапар барысында газдың шығуын анықтайтын сигнализаторлар орнатылып, газды қауіпсіз пайдалану бойынша ұсыныс беріледі», — деді спикер.

Сонымен қатар тұрғындарды үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жөнінде келісімшарт жасау қажеттігі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Былтыр абоненттерге 33 617 хабарлама таратылған. Биылдың өзінде шамамен 2,5 мыңға жуық осындай ескерту жеткізілді.

Мамандардың айтуынша, газ жабдықтарын пайдалану ережелерін сақтау және уақтылы техникалық қызмет көрсету — тұрмыста газды қауіпсіз қолданудың негізгі шарттары болып қала береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі