Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2026 жылы Шекара қызметінің әскери жиындарына қанша қазақстандық шақырылады

2026 жылы Шекара қызметінің әскери жиындарына қанша қазақстандық шақырылады
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті "2026 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жобаға сәйкес, 270 әскери міндетті азамат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің Жетісу, Жамбыл және Атырау облыстарындағы департаменттеріне 30 күнтізбелік күн мерзімге әскери жиындарға шақырылады.

Ведомствоның мәліметінше, әскери жиындар әскери міндетті азаматтардың білімін, біліктілігі мен дағдыларын сақтау және жетілдіру, сондай-ақ жүктелген міндеттерді орындауға дайындық деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.

Құжат жобасы 2026 жылғы 26 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Айта кетейік, өткен жылы да әскери жиындарға дәл осындай – 270 қазақстандық шақырылған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады