Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісуда полиция қауіпсіздікті дрондар арқылы қамтамасыз етуде

Жетісуда полиция қауіпсіздікті дрондар арқылы қамтамасыз етуде
Фото: polisia.kz

Жетісуда полиция қауіпсіздікті дрондар арқылы қамтамасыз етуде, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Құқық қорғау жүйесін цифрландыру — бүгінгі күннің шындығы. Жетісу облысының полициясы жеделдікке, дәлдікке және құқық бұзушылықтың алдын алуға басымдық бере отырып, ұшқышсыз басқарылатын технологияларды белсенді түрде қолдануда. Дрондар іздестіру-құтқару шараларында да белсенді қолданылып келеді. Жыл басынан бері дрондардың көмегімен полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 8 адамды іздеп тапты. Бірқатар жағдайда олар ауа райының қолайсыздығы мен көріну деңгейінің төмендігі салдарынан далада адасып кеткен малшылар мен шалғай елді мекендердің тұрғындары болған. Дрондарды пайдалану үлкен аумақтарды жедел тексеруге мүмкіндік беріп, іздестіру жұмыстарының жылдам әрі тиімді жүргізілуіне айтарлықтай ықпал етеді.

Негізгі бағыттардың бірі — жол-көлік оқиғаларын тіркеу. 500 метрге дейінгі биіктіктен дрондар жол-көлік оқиғасы орын алған жердің егжей-тегжейлі фотограмметриялық карталарын жасайды. Бұл жағдайды жедел бағалауға, оқиғаның нақты көрінісін объективті түрде тіркеуге және жолды жабу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Ұшқышсыз аппараттар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде де кеңінен қолданылады. Олар жаппай іс-шараларды бақылауға, жедел ахуалды мониторингтеуге және құқық бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар дрондар периметрлер мен стратегиялық нысандарды күзету барысында заңсыз кіру фактілерін тіркеу үшін пайдаланылады. Жеке бағыт ретінде экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау да қарастырылған.

Атап айтқанда қоқысты заңсыз тастау, орманды заңсыз кесу, қалдықтарды төгу және браконьерлік фактілері дрондар арқылы әшкереленуде. Жылу бейнелеуіштермен жабдықталған аппараттар құқық бұзушыларды түнгі уақытта және жетуі қиын аумақтарда да анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда облыс аумағында дрондардың көмегімен 232 құқық бұзушылық анықталды. Алайда олардың басты мақсаты — алдын алу. Әуе арқылы бақылаудың өзі азаматтарды тәртіпке шақырып, құқық бұзушылық тәуекелдерін едәуір төмендетеді. ‍- Заманауи технологиялар бізге жылдамырақ, дәлірек әрі қауіпсіз әрекет етуге мүмкіндік береді. Дрондар — бұл жай ғана техника емес, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиімді профилактикалық құрал, — деп атап өтті Жетісу облысының полицейлері.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі