Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасы іске қосылды

Қазақстанда «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасы іске қосылды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарда «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба 2026 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен іске қосылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жобаның негізгі мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың мамандықтар әлеміне қызығушылығын арттыру, еңбекке деген оң көзқарасын қалыптастыру және түрлі іс-әрекет арқылы олардың жеке қабілеттерін дамыту.

Пилоттық жобаға еліміздің 20 өңірінен 100 мектепке дейінгі ұйым қатысуда. Жоба аясында балабақшаларда балаларға арналған арнайы тәжірибелік бағыттар ұйымдастырылуда. Олардың қатарында: зергерлік, аспаздық, тігінші, инженерлік зертхана, құрылыс алаңы, жылыжай және бау-бақша алаңы, қолөнер шеберханасы бар.

Бұл алаңдар арқылы балалар еңбек түрлерімен танысып, шығармашылық және практикалық дағдыларын дамыта алады.Пилоттық жобаны іске асыру үшін «Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» әдістемелік ұсынымдары мен нұсқаулықтары, сондай-ақ арнайы іс-қимыл жоспары әзірленді.

Жоба шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлі танымдық және тәжірибелік іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл бастама балалардың еңбекке құрметпен қарауын қалыптастырып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және болашақ мамандықтар әлеміне қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты