Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2025 жылдың басынан бері 172 мектепке дейінгі ұйым ашылды – ҚР Оқу-ағарту министрлігі

2025 жылдың басынан бері 172 мектепке дейінгі ұйым ашылды – ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Фото: gov.kz

Қазақстанда балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды арттыру жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды ашу жөніндегі 2023–2027 жылдарға арналған жоспар кезең-кезеңімен іске асырылуда - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша биыл елімізде 13,2 мың орынды қамтитын 172 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бұл 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1 пайызын мектепке дейінгі біліммен қамтуға мүмкіндік берді.

Мектепке дейінгі біліммен қамтуды арттыру құрылыс жүргізу, қолданыстағы балабақшаларды кеңейту, тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында шағын орталықтар ашу, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, оның ішінде «ақша балаға беріледі» қағидаты бойынша ваучерлік қаржыландыру есебінен жүзеге асырылуда.

Жаңа ваучерлік қаржыландыру тетігі еліміздің 19 қаласында және 7 ауданында іске асырылды. Ол арқылы 300 мыңға жуық бала мектепке дейінгі білімге қол жеткізді, ал кезек 44 пайызға қысқарды.

Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер желісі кеңейді. Жыл басынан бері олардың саны 4,2 мыңнан 5,5 мыңға дейін артты.

Бұдан бөлек, 260 мемлекеттік балабақшада жөндеу жұмыстары жүргізілуде және олардың материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.

Еске сала кетейік, бүгінде еліміздегі 11,8 мыңнан астам балабақшада 1 миллионнан астам бала тәрбиеленуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті