Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында егіс науқаны басталды

Түркістан облысында егіс науқаны басталды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өңірдің оңтүстік аудандарында көктемгі дала жұмыстарына қызу дайындық басталды. Қазірдің өзінде жоспарланған 18,2 мың гектар жердің 7 мың гектарына ерте пісетін көкөністер мен картоп егілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 8 мың гектарға ұлғайып, 919 мың гектарды құрады. Оның ішінде 536 мың гектар – жаздық дақылдарға, 208 мың гектар – күздік егіске, 175 мың гектар – көпжылдық шөптерге, оның ішінде жоңышқаға тиесілі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың айтуынша, биыл егіс құрылымын әртараптандыру және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында мақта алқабы 17 мың гектарға ұлғайтылып, 162 мың гектарға жеткізілді. Жүгері 15 мың гектарға артып, 55,2 мың гектарды, ал мақсары 16 мың гектарға көбейіп, 85,4 мың гектарды құрады. Сонымен қатар суды тұтыну көлемін азайту мақсатында күріш алқабы 7 мың гектарға қысқартылды, бидай егістігі 25 мың гектарға азайтылып, 216,3 мың гектар болды.

Қазіргі таңда жер жырту жұмыстары 82 пайызға, топырақ шаю 52 пайызға орындалды. Жұмыс жалғасуда.

Биыл 203,5 мың тонна минералдық тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр. Облыстық бюджеттен 134 мың тонна тыңайтқышты субсидиялауға 9,5 млрд теңге бөлінді.

Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні 8,4 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданып, 7,2 млрд теңге көлемінде 321 жоба қаржыландырылды. Қосымша 15 млрд теңгеге өтінімдер қаралуда.

Науқанға 37,4 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылады. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында былтыр 1 872 техника сатып алынып, техникалық парктің жаңару деңгейі 9,2 пайызға жетті. Биыл тағы 2 029 техника сатып алу көзделген. Жалпы, Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарын жүйелі жолға қойылып, сала мамандары жанар-жағармаймен, тыңайтқыштармен, тұқыммен және техникамен кезең-кезеңімен қамтамасыз етілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты