Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысының аграрлық саласы егіс науқанына дайындық жүргізуде

Жамбыл облысының аграрлық саласы егіс науқанына дайындық жүргізуде
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Облыста 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына белсенді дайындық жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, егіс құрылымын түзету және суару инфрақұрылымын жаңғыртуға баса көңіл бөлінген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылы жалпы егіс алқабы 623,3 мың гектарды құрайды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 16,7 мың гектарға аз. Құрылымды түзету стратегиялық сипатқа ие және өндірісті әртараптандыруға, сондай-ақ ылғал көп қажет ететін дақылдардың үлесін қысқартуға бағытталған.

Атап айтқанда, бидайға — 145,1 мың гектар, арпаға — 187,8 мың гектар, жүгеріге — 23,3 мың гектар бөлінген. Майлы дақылдар — 40 мың гектар, мал азығына арналған дақылдар — 185 мың гектарды құрап отыр. Осылайша, өңір тұрақты әрі ресурсты үнемдейтін ауыл шаруашылығы моделіне басымдық беруде.

Егіс құрылымын өзгерту Ислам даму банкінің қаржыландыруымен облыстағы 76 каналға жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты. Жаңартылатын гидроқұрылымдардың жалпы ұзындығы 430 шақырымнан асады, суаратын жер алқабы — 51,4 мың гектар, Байзақ, Мерке, Сарысу, Талас және Шу аудандарын қамтиды. Жұмыс толық аяқталғанда өңір сенімді әрі тиімді су қамтамасыз ету жүйесіне ие болады, бұл аграрлық өндірістің әрі қарай дамуы үшін мағызды екені сөзсіз.

Өткен жылғы күзгі науқан ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сәйкес жүргізілді: 200,3 мың гектар жерде жаздық дәнге дайындық жұмыстары жасалды, 145,1 мың гектарға қыстық дақылдар егілді. 2026 жылғы көктемде 325 мың гектарға жаздық дақылдар себілмек. Қажетті тұқымның 93%-ы, яғни 58 мың тонна дайындалған, бұл шаруашылықтар дайындығының жоғары екенін көрсетеді.

Егіс науқанына 10,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы тартылмақ. Сонымен қатар, машина-трактор паркін жүйелі жаңарту жұмыстары жалғасуда: 2026 жылы өздігінен жүретін техниканы жаңарту деңгейі 8%-ға жеткізілмек, бұл 476 жаңа техника деен сөз. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға және егіс жұмыстарын жүргізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 478,2 мың гектар жерге 109,7 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылы 99,7 мың тонна енгізілген. Тыңайтқыш көлемін ұлғайту әр гектардан түсімді арттыруға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

Аграрлық салаға қаржылық қолдау «Кең дала-2» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Шаруашылықтардан 4,6 млрд теңге көлемінде өтініш түскен, қазірдің өзінде оның 2,5 млрд теңгесң жеңілдікті шарттармен берілді. Бұл ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне тұқым, тыңайтқыш және жанар-жағармай материалдарын уақытылы сатып алуға жол ашады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті