Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Осы жылдың күзінде Жетісу облысында 8 көпірді реконструкциялау аяқталады

Осы жылдың күзінде Жетісу облысында 8 көпірді реконструкциялау аяқталады
Фото: primeminister.kz

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында өткен жылғы кезеңдегі автожол саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы есеп берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4,0 мың км құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1 050 шақырым, облыстық маңызы бар жолдар – 2 763 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар – 222 шақырым.

Жалпы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 108 көпір орналасқан. Оның ішінде 15 көпір апатты деп танылған болатын.

Бүгінгі күнде 5 көпірді күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қалған 10 көпірді реконструкциялауға 2024-2025 жылдары бюджеттен барлығы 4,5 млрд теңге қаражат бөлінді. Оның сегізі бойынша реконструкциялау жұмыстары биыл күзде толық аяқталады. Қалған екі көпірдің жөндеу жұмыстарын биыл жыл соңында аяқтау үшін жергілікті бюджеттен 3 млрд теңге қаражатты бөлу жоспарланған, — деді облыс әкімі.

Нәтижесінде, жоспарланғандай, барлық 15 апатты көпір биыл реконструкция мен күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін пайдалануға беріледі.

Жалпы, бүгінгі таңда ұзындығы 1050 шақырым болатын республикалық жолдар бойынша нормативтік жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі – 100%, ұзындығы 3 мың шақырым жергілікті жолдар бойынша – 95%.

Бұл көрсеткіштерге бірқатар жобаны жүзеге асыру арқылы қол жеткізілді Олар – «Талдықорған – Достық», «Сарыөзек – Қорғас» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және 132 шақырымдық «Талдықорған – Балқаш көлі» облыстық маңызы бар жолды жөндеу.

Осы жолдардың нормативтік жай-күйін қамтамасыз ету мақсатында облыста 2024 жылдан бастап 10 автоматтандырылған өлшеу стансасы орнатылған. Барлық жол жөндеу жұмыстарының сапасын Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы бақылайды.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатқанын және тұрақты бақылауда екенін атап өтті.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты