Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу өңірінде қыс мезгіліне 540-тан астам техника мен 28 мың тоннадан астам мұздан тазартатын материалдар дайындалуда

Жетісу өңірінде қыс мезгіліне 540-тан астам техника мен 28 мың тоннадан астам мұздан тазартатын материалдар дайындалуда
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Жетісу облысында қысқы маусымда жол желісін күтіп ұстауға 543 техника мен 28 мың тоннадан астам мұздан тазартатын материал дайындалуда, –деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автожолдарда және өңірдің елді мекендерінің ішкі жолдарында қысқы күтіп ұстау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін 66 мердігер ұйым жұмылдырылады.

«Облыстағы жол жөндеу жұмыстары мамандандырылған мердігерлерге тапсырылды. Қазіргі уақытта жолдар қысқы мезгілге дайындалуда. Биылғы маусымда қар тазалауға 543 мамандандырылған техника жұмылдырылады деп жоспарлануда. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарда 83, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда 150, елді мекендер ішінде 310 бірлік техника жұмыс істейді. 28 мың 700 тоннаны құрайтын мұздан тазартатын материалдардың қажетті көлемі бар. 310 тонна жанар-жағармай сатып алынып, қоймаларға жеткізілуде. Сонымен бірге қауіпті және таулы аймақтардағы жол жиектеріне тайғаққа қарсы материалдар да жеткілікті, – делінген облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы берген ақпаратта. 

Ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға уақытша жол белгілері орнатылады.

Айта кету керек, Жетісу өңіріндегі жолдардың жалпы ұзындығы 4 мың 19 шақырымды құрайды. Оның 1 мың 34 шақырымы республикалық маңызы бар, 2 мың 762,8 шақырымы облыстық, 222,3 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті