Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Үкіметінде қазақ-серб ынтымақтастығын кеңейту жөніндегі уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды

ҚР Үкіметінде қазақ-серб ынтымақтастығын кеңейту жөніндегі уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды
Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметінде Сербия Президенті Александр Вучич пен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің кездесуі өтті. Онда жоғары деңгейде жүргізілген келіссөздер аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инвестициялар, көлік және логистика, цифрлық сала және ЖИ, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, туризм, білім беру және тағы да басқа салалардағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.

«Бүгін Сіз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен нәтижелі келіссөз жүргіздіңіз. Қазақстан Үкіметі жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтардың орындалуын ерекше бақылауға алады.

Біздің деректеріміз бойынша, 2025 жылы өзара сауда көлемі $107,7 млн құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға өсті. Бұл көрсеткіш одан да ауқымды нәтижелерге қол жеткізу үшін оңтайлы негіз бола алады. Біз ұзақ мерзімді ықпалдастықты одан әрі жалғастыруға ниеттіміз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сербия Президенті Александр Вучич Қазақстанмен энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, құрылыс, азаматтық авиация, жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар, сондай-ақ білім беру сияқты перспективалы бағыттар бойынша әріптестікті дамытуға ұмтылысын растады.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екеуміз серіктестік аясындағы барлық үдерістерді тікелей қадағалап отырамыз. Сондай-ақ бұл іске біздің елдердің үкіметтері де белсенді қатысып отырғанын жақсы білеміз.

Бізге Қазақстанның білім саласындағы тәжірибесі қызықты. Осыған байланысты қазақстандық сарапшыларды шетелдік жоғары оқу орындарының кампустарын ашу, дуальды білім беруді дамыту, студенттерді шетелде оқыту тәжірибесімен бөлісу үшін Сербияға шақырғымыз келеді», — деп атап өтті Сербия Президенті Александр Вучич.

Кездесу барысында Сербиямен цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту ісінің үлкен әлеуеті атап өтілді. Қазақстанда Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында заманауи цифрлық экожүйе қалыптасуда. Орталық Азияда екі суперкомпьютер кластері іске қосылды, Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылды,CryptoCity пилоттық аймағы және тағы да басқа да жобалар жүзеге асырылуда.

Көлік интеграциясы мәселелері талқылау кезінде Орта дәлізді дамытуға және Қазақстанда жүргізіліп жатқан жаңа инфрақұрылымды салу жұмыстарына, оның ішінде теміржол және автокөлік желілері, теңіз терминалдары және халықаралық авиациялық хабтарды құруға ерекше назар аударылды.

Агроөнеркәсіп секторындағы, оның ішінде селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы әріптестікті тереңдету перспективалары да атап өтілді. Олжас Бектенов қазақстандық өндірушілердің жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортиментін экспорттауға және қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастыққа дайын екендігін атап өтті.

Белградта өтетін EXPO 2027 көрмесін ескере отырып, қазақстандық тарап Сербиямен 2017 жылы Астанада мамандандырылған көрмені өткізу кезінде жинақтаған тәжірибесімен бөлісуге дайын.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Сербия Президенті Александр Вучич барлық перспективалы бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты серпінді дамыту мен нығайтуға бейілді екенін білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты