Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық стандарттар негізінде жаңғыртуда

Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық стандарттар негізінде жаңғыртуда
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жоғары технологиялық экономиканы дамытудың шешуші құралына айналды. Жаһандық трендтерге сәйкес, оқыту үдерісіне автоматтандыру, роботтандыру және жасанды интеллект сияқты цифрлық дағдылар терең интеграциялануда. Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында колледждерге мемлекеттік тапсырыс 145 мыңға жетіп, оның 70%-ы техникалық бағыттарға басымдық берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

WorldSkills талаптарын ескеретін 11 мыңнан астам жаңа білім беру бағдарламасы әзірленіп, заңнамалық деңгейде IT мамандықтары бойынша онлайн-оқыту нормалары енгізілді.

Елімізде дуальды оқыту жүйесі қарқынды дамып, оған 11 мыңнан астам кәсіпорын мен 138 мың студент тартылды. Қазіргі таңда 43 мыңға жуық студент кәсіпорындардың нысаналы тапсырысымен білім алуда, бұл түлектердің тікелей жұмысқа орналасуына кепілдік береді. Сондай-ақ, студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жатақханалардағы орын тапшылығы бір жылда екі есеге қысқарып, 187 колледждің материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға сай нығайтылды.

Халықаралық ынтымақтастық саласында да айтарлықтай жетістіктер бар. 11 оқу орны халықаралық аккредитациядан өтіп, 700-ге жуық педагог пен студент шетелде тағылымдамадан өтті. Биыл Қазақстанда алғаш рет 7 елдің қатысуымен өткен TurkicSkills–2025 чемпионаты ұлттық тәжірибемізді әлемдік аренада паш етудің маңызды қадамы болды.

Министрлік алдағы уақытта классикалық білім беруден икемді модульдік және тәжірибеге негізделген траекторияларға көшуді жоспарлап отыр. ОЭСР елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, ұзақ академиялық бағдарламаларды қысқа мерзімді курстармен және нақты құзыреттерді меңгеруге бағытталған тағылымдамалармен ұштастыруға басымдық беріледі. Бұл тәсіл еңбек нарығының жылдам өзгермелі талаптарға бейімделуіне мүмкіндік береді.

Өнеркәсіп пен колледждер арасындағы байланысты нығайту үшін металлургия, құрылыс және IT компанияларымен бірлескен нақты жобалар мен дуалды оқыту бағдарламалары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, колледж студенттерінің білімін университет бағдарламаларына интеграциялау мәселесі зерделенуде. Алдағы 5-7 жылда колледждердің модульдік бағдарламаларын жоғары білім жүйесімен ұштастыру мамандар даярлаудың сапасын жаңа деңгейге көтермек.

Болашаққа жасалған стратегиялық мақсат -колледж бағдарламаларын толық цифрландыру және виртуалды зертханалар арқылы халықаралық стандарттарды енгізу. Болжам бойынша, 5 жылдан кейін білім беру бағдарламаларының кемінде 60% цифрлық форматқа көшіп, студенттердің мобильділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Осылайша, модульдік оқыту, цифрландыру және өндіріспен тығыз байланыс орнату кәсіптік білім беру саласының негізгі басымдықтары болып қала береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты