Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Fitch агенттігі «Алматы» ӘКК рейтингін «BBB-» деңгейінде «Тұрақты» болжамымен растады

Fitch агенттігі «Алматы» ӘКК рейтингін «BBB-» деңгейінде «Тұрақты» болжамымен растады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының (ӘКК) шетел және ұлттық валютадағы эмитент дефолты рейтингін (IDR) «BBB-» деңгейінде «Тұрақты» болжамымен растады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«BBB-» рейтингі инвестициялық санатқа жатады және компанияның жеткілікті несие қабілетін, сондай-ақ несие тәуекелдердің төмен деңгейде екенін білдіреді.

Агенттік рейтингтің расталуын қала тарапынан қолдау көрсету ықтималдығының өте жоғары болуымен байланыстырады. Бағалау барысында Алматы қаласының компания капиталына 100% қатысуы, институционалдық бақылаудың жоғары деңгейі және «Алматы» ӘКК-нің мегаполистің даму институты ретіндегі стратегиялық рөлі ескерілген.

Fitch шешім қабылдау және бақылау тетіктерінің «өте жоғары» деңгейін, компанияның тұрақты есептілігін және ӘКК стратегиялық міндеттерінің қалалық басқару жүйесіне толық ықпалдастырылғанын атап өтті.

Қолдау факторларының қатарында әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған қаржыландыру бар. Атап айтқанда, тұрғын үйді қайта жаңарту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру және шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие беру шаралары қамтылған.

«Алматы» ӘКК-нің ұлттық ұзақ мерзімді рейтингі де «AA+(kaz)» деңгейінде расталды. Бұл көрсеткіш Алматы қаласының «AAA(kaz)» рейтингінен бір саты төмен.

Экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) факторлары бойынша Fitch агенттігі «Алматы» ӘКК-не «3» балл берді. Бұл ESG факторларының компанияның несие қабілетіне бейтарап әсер ететінін немесе қолданыстағы рейтинг аясында олардың ықпалының аз екенін білдіреді.

«Алматы» ӘКК қала үшін басым әлеуметтік маңызы бар және инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын ең ірі даму институты болып қала береді. Негізгі бағыттар қатарында микро, шағын және орта бизнесті қаржыландыру, тозығы жеткен тұрғын үйді жаңарту, индустриялық аймақтарды дамыту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бар.

Fitch агенттігі «Алматы» ӘКК функцияларын толық көлемде орындай алатын баламалы ұйымдардың жоқ екенін атап өтіп, корпорацияның қала үшін стратегиялық маңызын ерекше көрсетті.

Қазіргі уақытта «Алматы» ӘКК халықаралық несиелік рейтингке ие Қазақстандағы жалғыз әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация болып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты