Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Егіс науқанына 1 трлн теңге бөлінді – Олжас Бектенов

Егіс науқанына 1 трлн теңге бөлінді – Олжас Бектенов
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тиісті тапсырмалары аясында аграрлық маусымды сапалы өткізу үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілгенін атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру көлемін былтырғыдай 1 трлн теңге деңгейінде қалдырдық. Оның ішінде техниканы лизингке алуға 300 млрд теңге қаралған. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында үшінші жыл қатарынан қомақты қаражат бөлінуде. Фермерлер үшін жеңілдетілген бағамен 402 мың тонна жанармай бөлу көзделіп отыр, — деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Бұл ретте жоспарланған шараларды тиімді әрі уақтылы жүзеге асыру өте маңызды. Мемлекеттік қолдаудың тиімділігіне ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік қолдау жауапкершілігі жоғары әрі жұмысына адал диқандарға ғана көрсетілуге тиіс. Әкімдіктер бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын тұрақты бақылауға алуы қажет. Ол үшін цифрлық технологияларды кеңінен пайдаланған жөн. Мемлекет басшысы жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында тиісті тапсырмалар берді, — деп атап өтті Премьер-министр.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті