Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2025 жылы экономикалық өсімнің төрттен бірінен астамын сауда саласы қамтамасыз етті

2025 жылы экономикалық өсімнің төрттен бірінен астамын сауда саласы қамтамасыз етті
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын ашты. Жиында 2025 жылдың қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша сауда саласы еліміздің жалпы экономикалық өсімінің 26%-ын қамтамасыз етіп, экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ішкі тауар айналымы 80 трлн теңгеге жетті. Салаға 1,3 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылды. Шикізаттық емес экспорт $41 млрд құрады. Қызметтер экспорты 3,7%-ға өсіп, $12,3 млрд-қа жетті.

Серік Жұманғариннің айтуынша, сауда өндіріс, бизнес және тұтынушы арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етіп, экономиканың тұрақты дамуына берік негіз қалайды.

«Біздің міндетіміз – қол жеткізілген қарқынды сақтап қана қоймай, сауда жүйесін тиімділік пен бәсекеге қабілеттіліктің жаңа сапалы деңгейіне көтеру. Министрлік реттеуші орган рөлінен белсенді даму драйверіне айналуы тиіс. Бұл үшін көтерме және бөлшек сауда айналымын ұлғайту, ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету, “өндірушіден – сөреге дейінгі” тізбекті қысқарту, экспорт көлемін арттыру және сауданы көлеңкелі айналымнан жүйелі түрде шығару қажет», – деп атап өтті вице-премьер.

Сонымен қатар елдің ұзақ мерзімді дамуына ықпал ететін құрылымдық өзгерістер мен ауқымды реформаларды түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы да айтылды. Алқа отырысына қатысушылар жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға белсенді қатысуға шақырылды.

Мемлекет басшысының инфляция деңгейін экономикалық тұрғыдан негізделген шекке дейін төмендету жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне қысқа мерзім ішінде ішкі нарықты отандық азық-түлік тауарларымен толық қамту бойынша нақты шаралар әзірлеу міндеті жүктелді.

«Биыл экономиканың нақты секторындағы жобаларды қаржыландыру үшін “Бәйтерек” холдингін 1 трлн теңгеге капиталдандыру көзделіп отыр. Инвестициялық тапсырыс аясында қазіргі уақытта едәуір көлемде импортталатын тауарлар өндірісін кеңейтуге бағытталған шамамен 1,5 мың жобадан тұратын алдын ала тізім қалыптастырылды. Оның ішінде 500-ден астамы агроөнеркәсіптік кешенге, 400-ден астамы өңдеу өнеркәсібіне, қалғаны инфрақұрылым саласына тиесілі. Сауда және интеграция министрлігінің негізгі міндеті – осы жобалар шеңберінде өндірілетін өнімнің кепілді сатылымын қамтамасыз ету. Бұл – ауқымды жұмыс, сондықтан оны жүзеге асыру тетіктерін қазірден бастап нақтылау қажет», – деп қорытындылады вице-премьер.

Сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау, биржалық сауданы дамыту, салалық үдерістерді цифрландыру және жоғары қосылған құны бар өнім экспортын арттыру бағытындағы міндеттер де айқындалды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті