Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан құрамасы робототехникадан Хьюстоннан жеңіспен оралды

Қазақстан құрамасы робототехникадан Хьюстоннан жеңіспен оралды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Хьюстонда ең үлкен FIRST Championship чемпионаты аяқталды. Оған әлемнің 55-тен астам елінен 50 мың оқушы қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрілгіне сілтеме жасап.

Биыл Қазақстан құрамасында FIRST LEGO LEAGUE EXPLORE кіші санатында Астана қаласыныдағы Quantum STEM School мектебінен IQ Robots командасы, FIRST LEGO LEAGUE CHALLENGE орта санатында - Шымкент қаласы Robopark мектебінен Shymside командасы, ал FIRST Tech CHALLENGE жоғары санатында - Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ-нен Yaku командасы және Алматы қаласындағы РФММ-нен Bolt.M3 командасы болды. Биылғы құраманың нәтижелері: 

6-10 жас аралығындағы бастауыш сынып оқушылары қатысатын IQ Robots командасы үздік таныстырылым және жоба идеясы үшін Best Poster Award номинациясында жеңіске жетті. 

Жоғары сынып оқушыларынан құралған Bolt.M3 командасы Motivate Award беделді жүлдесін қанжығалады. Айта кету керек, бұл марапат өз елінде және одан тыс жерлерде STEM-ді танымал етуге үлес қосқан командаға беріледі. 

Сондай-ақ, 10-16 жас аралығындағы оқушыларды біріктірген Shymside командасы жаһандық STEM қозғалысының маңызды критерийі болып табылатын FIRST бағдарламасының командалық рухы мен негізгі құндылықтарын көрсетті. Сонымен қатар, іс-шара ұйымдастырушылары Shymside командасын осы маусымға арналған деректі фильмге түсірді.

«Біздің балалар чемпионаттың барлық үш күнінде көшбасшылар қатарынан көрінді. Олардың алаңдағы ойындарын, жеңістері мен жеңілістерін көру, қазылар алқасының мүшелерімен сұхбатын кулуарда күту сәттері өте қызықты болды. Балаларымызда өте мықты роботтар, инженерлік жобалар, айдентика және негізгі құндылықтар бар. Біздің балаларымызды әлемнің түкпір - түкпірінен жиналған 50000-нан астам оқушы арасында байқамау мүмкін емес. Мәселен Bolt.M3 командасы иеленген жүлде ТМД елдерінің арасындағы мұндай алғашқы марапат» - дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «USTEM Foundation» қоғамдық қоры мен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған Central Asia FIRST Championship Орталық Азия чемпионатының нәтижесі негізінде жасақталған болатын. Чемпионатта жеңіске жеткен оқушылар әлемдік жоғары оқу орындарындағы стипендиялар мен гранттарға қол жеткізуге мүмкіндік алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты