Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ-де халықаралық жарыста ел намысын қорғаған қызметкерлер марапатталды

ІІМ-де халықаралық жарыста ел намысын қорғаған қызметкерлер марапатталды
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігінде Дубайда өткен беделді халықаралық турнирде ел намысын абыройлы қорғаған қызметкерлерді марапаттау салтанаты өтті, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл Қазақстан атынан жарысқа әртүрлі ведомстволардан іріктелген бес құрамалық команда қатысты. Біздің арнайы бөлімшелер жоғары дайындықтарын көрсетті және жүлделі орындарға ие болды: Kaz SWAT Team C – 1 орын, Kaz SWAT Team A – 2 орын, Kaz SWAT Team B – 8 орын, Kaz SWAT Team D – 20 орын. Әйелдер арасындағы командаларда Tomiris командасы – жалпы есепте 18-орын және әйелдер құрамасы арасында 1-орынды иеленді.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, олардың жетістігі тек спорттық нәтиже емес, сонымен қатар қазақстандық құқық қорғаушылардың жауынгерлік дайындығы, тәртібі мен рухтың мықтылығын көрсететінін атап өтті. Салтанат барысында қызметкерлерге арнайы марапаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Бұл нәтиже – қажырлы дайындық пен антқа адал болудың нақты көрінісі. Халықаралық аренадағы бұл жеңіс Қазақстанның абыройын арттырып, барлық қызметкер үшін үлгі болатыны сөзсіз.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті