Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алексей Луценко жекелей жарыста Қазақстан чемпионы атанды

Алексей Луценко жекелей жарыста Қазақстан чемпионы атанды
Фото: inbusiness.kz

Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатының жекелей жарысында Astana Qazaqstan Team шабандозы Алексей Луценко жеңіске жетті. Луценко 30 шақырымдық қашықтықты 34 минут 34 секундта бағындырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Талдықорғандағы тас жол оңайға соқпады. Мен мұнда соңғы рет 11 жыл бұрын болғанмын. Оған қоса бүгін ауа-райы қолайсыз болды. Мен сайысты бастағанда қатты жаңбыр жауды. Бұл жарысты айтарлықтай қиындатты. Соған қарамастан, ауа-райына да, тас жолға да төтеп бердім. Бәрі ойдағыдай өтті. Нәтижесінде жеңіске жеттім. Швейцария турынан кетуге мәжбүр болған сырқаттан кейін "Тур де Франс" қарсаңында денсаулығым мен бабымды тексеру үшін Қазақстан чемпионатына келдім. Әрине, Қазақстан чемпионатына қатысқаныма әрқашан қуаныштымын. Бұл өз алдына маңызды мақсаттардың бірі. Бүгін жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Тур де Франста ел чемпионының жейдесінде өнер көрсететінімді мақтан тұтамын. Бұл мен үшін "Үлкен күрмеу" басталар алдында қосымша мотивация", – деді Алексей Луценко.

Алексей Луценко үшін бұл жекелей уақытқа арналған жарыс бойынша ел чемпионының үшінші титулы. Ол бұған дейін 2015 және 2019 жылдары осы дисциплина бойынша "алтын" медаль жеңіп алған болатын.

Жекелей уақытқа арналған жарыс бойынша екінші орынды Astana Qazaqstan Team командасының тағы бір өкілі Дмитрий Груздев иеленді. Сонымен қатар үздік ондыққа Глеб Брусенский (4-орын), Игорь Чжан (6-орын) және Юрий Натаров (8-орын) кірді.

23 жасқа дейінгі шабандоздар арасында өткен жекелей жарыста жеңісті жақында жастар арасындағы ең беделді Giro NextGen көпкүндігіне (жастар арасындағы Giro d'Italia) қатысқан Astana Qazaqstan Development Team өкілі Максим Тараскин жеңіп алды. Андер санаты бойынша үшінші орынды Astana Qazaqstan Development Team командасының тағы бір шабандозы Николя Винокуров иеленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді