Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді

Олжас Бектенов Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары барысында ЖЭО-3-ке барып, Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған жаңа қуат көздерін жаңғырту және іске қосу жөніндегі міндеттері шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымның дамуын тексерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Премьер-министр табиғи газбен жұмыс істейтін ЖЭО-3-тің негізгі жабдықтарын қарап шықты. Оған биыл жобаның 1-ші кезегін толық аяқтап, 2-ші кезегін жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндалды. Бүгінгі таңда жылу электр орталығы қаланың бұған дейінгі энергия тапшылығын толығымен жабады және өсіп келе жатқан қажеттіліктерді ескере отырып, артық қор қамтамасыз етеді. ЖЭО-3 сағатына 440 Гкал жылу өндіреді, ол Ш. Айтматов көшесі, Ұлы Дала, Тұран даңғылдары бойындағы және тағы да басқа перспективалы құрылыс аудандарына беріледі.

Биыл нысанда көмірді резервтік жағдайға балама отын ретінде пайдалану мүмкіндігі бойынша жұмыстар аяқталады. Атап айтқанда, жанармай беру трактісін қайта себу тораптарымен және ұсақтау корпусымен біріктіру, теміржол стансасын инженерлік инфрақұрылыммен қосу жоспарлануда. Көктемде сыртқы және ішкі автомобиль жолдарын салу, аумақты абаттандыру және тағы да басқа жұмыстар жалғасады. Жобаның 2-ші кезегі шеңберінде жеке инвестицияларды тарту есебінен қуаты сағатына 500 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу көзделген, бұл Астананы сенімді электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Елордада жылыту маусымын өткізудің штаттық режимі туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады. Қаланы сенімді жылумен қамтамасыз ету үшін үш жылу электр орталығы және екі газ жылу стансасы — «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» жұмыс істейді. Қаланың қарқынды құрылысына байланысты туындайтын перспективалық қажеттіліктерді ескере отырып, тағы бір «Тельман» газ жылу стансасының құрылысы жүргізілуде, оны пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Қазақстанда ағымдағы жылыту маусымы тұрақты өтуде. Жүргізілген ауқымды жөндеу жұмыстары 17 273 МВт генерацияға қол жеткізуге мүмкіндік берді, бұл алдыңғы жылыту маусымының деңгейінен 7%-ға жоғары. 9 жылу орталығы апат қаупі жоғары «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, 3 жылу орталығы «сарыдан» «жасыл» аймаққа ауыстырылды.

Электр стансаларында 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбина жөнделді. 17 мың шақырым электр желілері мен 420 қосалқы стансаларды реконструкциялау аяқталды, 323 шақырым жылу желілері және тағы басқалары ауыстырылды, 3 жыл ішінде энергетика секторына 1 трлн теңгеден астам қаржы салынды. Электр қуатының тапшылығы 29%-ға төмендеді.

Биыл 2,6 ГВт жаңа қуат көздерін іске қосу жоспарлануда, жалпы алғанда, 2029 жылға қарай электр энергиясын өндіру 39 млрд киловатт-сағатқа ұлғаятын болады. Осы шаралардың барлығы елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Премьер-министр Олжас Бектенов салалық министрліктер мен әкімдікке ЖЭО-3 жобасын аяқтау бойынша жұмыстарды жеделдетуді және елімізде жылыту маусымының тұрақты өтуін толық бақылауда ұстауды тапсырды.

Нысанды аралау барысында ЖЭО-3-тің еңбек ұжымы жаңа конституция жобасын қолдап сөз сөйледі. 

«Электр энергетика саласында жұмыс істейтін және басқарушылық білімі бар адам ретінде мен ешбір күрделі жүйе нақты ережелерсіз, тәртіпсіз және бөлінген жауапкершіліксіз жұмыс істей алмайтынын жақсы түсінемін. Энергетикада бұл қуат пен жүктеменің тепе-теңдігі, мемлекетте – өкілеттіктер мен институттардың тепе-теңдігі. Конституция осы жүйенің архитектурасын белгілейді. Ұсынылған өзгерістер мемлекеттің одан әрі дамуы үшін берік құқықтық негіз қалыптастырады. Мен Конституцияның жаңа редакциясын елдің тұрақты және әділ дамуының негізі ретінде қолдаймын», — деді «Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-3 бас инженері Назымбек Қасенов.

«Еңбек жолымды химия зауытында бастадым, қазір іс жүргізуші болып жұмыс істеймін. Осылайша мен жаңа Қазақстанның энергетика саласына аз да болса үлесімді қосып отырмын. Конституция – еліміздің даму бағытын айқындайтын біздің басты құжатымыз. Конституциялық өзгерістер мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтады және болашаққа сенімді қадам жасауға жол ашады деп санаймын», — деді «Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-3 жылу автоматикасы және өлшеу цехының іс жүргізушісі Мария Цыбина.

Премьер-министр осы жылдың 15 наурызында өтетін референдумға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, қазір еліміз өте маңызды саяси кезеңді бастан өткеруде. Жаңа Конституция – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті, Қуатты Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды саяси реформаларының айқын көрінісі. Ата Заңның ең басты арқауы – адам, яғни азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандығы. Жаңа Конституцияда «Егемендіктің иесі – Қазақстан халқы» деп тайға таңба басқандай жазылған. Яғни, адами капиталды дамытуға, еңбек адамына деген мемлекеттің көзқарасы түбегейлі өзгереді. Референдумға белсенді қатысуымыз, азаматтық жауапкершілік танытуымыз және мемлекет пен қоғамның мүдделерін басшылыққа ала отырып, саналы таңдау жасауымыз маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті