Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қыстың әзірлігін тексеріп, жылу беру маусымына дайындықты бақылауды тапсырды. Медеу ауданындағы Оңтүстік-Шығыс аудандық қазандығында қысқа дайындық жұмысы тексерілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нысан 590 ғимаратты жылумен қамтамасыз етеді. Қуаты – сағатына 208 Гкал/сағ, негізгі отын – табиғи газ. Әкім қаланың ең ірі жылу көзі – ЖЭО-2-ге барды. Қуаты – сағатына 1411 Гкал/сағ, мұнда 664 қызметкер жұмыс істейді. Қазір жөндеу жұмысының басым бөлігі аяқталған. Дайындық деңгейі шамамен 80%. Сондай-ақ, толықтай газбен жұмыс істейтін ЖЭО-1-де болды. Қуаты – сағатына 1203 Гкал/сағ, орталық және шығыс аумақтарды жылумен қамтиды. Мұнда 357 маман еңбек етеді. Жөндеу жұмысының басым бөлігі аяқталды, нысан толығымен қысқа дайын. Іске қосу 30 қыркүйекке жоспарланған.Әкім дайындық барысын қатаң бақылап, мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.Бүгін, 11:44
Алматы әкімі жылу маусымына дайындықты тексерді

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз