Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астананың 2035 жылға дейін даму барысы: елорданың Бас жоспарына стратегиялық экологиялық бағалау бойынша тыңдаулар өтіп жатыр

Астананың 2035 жылға дейін даму барысы: елорданың Бас жоспарына стратегиялық экологиялық бағалау бойынша тыңдаулар өтіп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада 4 ақпан күні сағат 10:00-де «Жастар» сарайында «Астана қаласының Бас жоспары. Түзету» жобасына жүргізілген стратегиялық экологиялық бағалау нәтижелері бойынша қоғамдық тыңдаулар басталды. Іс-шара мемлекеттік органдар өкілдерінің, сарапшылардың, қоғамдық ұйымдар мен қала тұрғындарының қатысуымен ашық жиналыс форматында өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тыңдауларда Бас жоспарды түзету жобасына жүргізілген стратегиялық экологиялық бағалаудың нәтижелері қарастырылуда. Бұл құжат Астананың алдағы жылдардағы даму бағытын, жаңа мектептер мен әлеуметтік нысандардың қай жерде салынатынын, сондай-ақ экологиялық жағдайды жақсарту үшін қандай шаралар қабылданатынын айқындайды.

Бас жоспарды түзету аясында өнеркәсіп, логистика, әлеуметтік және іскерлік инфрақұрылым салаларында 130-дан астам инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Басым бағыттар қатарында қолайлы қалалық ортаны дамыту, мектептер мен балабақшалар желісін салу және кеңейту, денсаулық сақтау мен спорт нысандарын тұрғызу, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бар.

Тыңдаулардың жеке бір бөлігі экология мәселесіне арналған. Стратегиялық экологиялық бағалау аясында жоспарланып отырған нысандардың ауа мен су сапасына, жасыл аймақтардың жағдайына және халық денсаулығына ықтимал әсері талданады. Сонымен қатар қаланың одан әрі өсуі жағдайында экологиялық тәуекелдерді азайту және табиғи тепе-теңдікті сақтау шаралары қарастырылады.

Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес өткізіліп, қала құрылысы шешімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге бағытталған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті