Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

130-дан астам жоба мен жаңа жұмыс орындары: Астананың 2035 жылға дейінгі даму жоспары

130-дан астам жоба мен жаңа жұмыс орындары: Астананың 2035 жылға дейінгі даму жоспары
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада «Астана қаласының Бас жоспары. Түзету» жобасына жүргізілген стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) нәтижелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өтуде. Онда 2035 жылға дейін елордада жоспарланған инвестициялық жобаларды енгізуге байланысты аумақтық дамудың негізгі өзгерістері талқылануда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бас жоспарға түзету енгізу кешенді қала құрылысы жоспарлауын, жобалау алдындағы құжаттаманы талдауды және экологиялық аспектілерді ескере отырып жүргізілуде. Бұл ретте Бас жоспардың негізгі параметрлері өзгеріссіз қалады.

Қарастыруға барлығы 130-дан астам инвестициялық жоба ұсынылған. Олар елорданың дамуының негізгі бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, өнеркәсіп саласындағы жобалар, логистикалық нысандар, әлеуметтік нысандар, оның ішінде мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер мен спорт кешендері, іскерлік және коммерциялық мақсаттағы объектілер және өзге де жобалар бар.

Аталған жобаларды іске асыру қала экономикасын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған. Сонымен қатар бес ірі нысанның құрылысы шамамен 2 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Сонымен бірге жобалар толықтай стратегиялық экологиялық бағалау нәтижелерін ескере отырып қарастырылуда. Сарапшылар олардың ауа мен су сапасына ықтимал әсерін, жасыл аймақтардың сақталуын және халық денсаулығына ықпалын талдап, экологиялық тәуекелдерді азайту шараларын әзірлеуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді