Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

Елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада жергілікті фермерлер мен өзге өңірлерден келген тауар өндірушілердің қатысуымен кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара отандық өндірушілерді қолдауға және қала тұрғындарын қолжетімді бағамен жаңа піскен өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жәрмеңке екі күн – 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тасжолы, 35Б мекенжайында орналасқан Keryen Joly сауда орталығында өтіп жатыр.

Келушілерге өнімнің кең ассортименті ұсынылған: көкөністер мен жеміс-жидектер, ет және ет өнімдері, сүт және ұн өнімдері, жаңа піскен нан-тоқаштар, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да тауарлар.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелер қыс мезгілінде ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін де, қала тұрғындары үшін де аса маңызды.

«Жаңа жылға дейінгі алты апта ішінде мен шамамен 400 бас жабағы саттым. Жәрмеңкенің біз үшін басты пайдасы – қыс мезгілінде жем-шөп пен шөпке кететін шығынды едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Ал қала тұрғындары экологиялық таза отандық өнімді делдалсыз, тікелей сатып алады. Бұл тұрғындар үшін де, кәсіпкерлер мен фермерлер үшін де тиімді», – деді Жарқын есімді фермер.

Ұйымдастырушылар жәрмеңкенің өндірушілер мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс орнатуға арналған қолайлы алаң екенін атап өтті.

«Біздің жәрмеңкелерде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін барлық жағдай жасалған. Олар ет, картоп және басқа да өнімдерді делдалсыз, тікелей сатады. Бұл бағаның қала тұрғындары үшін айтарлықтай қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Халқымыз етті өте жақсы көреді, сондықтан тұрғындар жәрмеңкеге таңертеңнен бастап келеді. Ең алдымен ет, көкөніс, жеміс-жидек, ұн мен күріш сатып алады. Сонымен қатар табиғи сүт өнімдеріне – қолдың сүтіне, айран мен шұбатқа, қымыз бен құртқа сұраныс жоғары. Жұрт жәрмеңкеге ауылдың таза етін, қазысы мен құртын қолжетімді бағада алу үшін келеді», – деді Keryen Joly СОО директоры және жәрмеңке ұйымдастырушысы Айтуған Күзербаев.

Қала тұрғындарының қолайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті