Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда туризмге салынған инвестиция көлемі 32%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгеден асты

Қазақстанда туризмге салынған инвестиция көлемі 32%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгеден асты
Фото: primeminister.kz

Халықаралық туристерді тарту және заңнамалық қолдау – Президенттің саланың даму қарқынын екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға басты негіз. Үкімет отырысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс қорытындылары мен жоспарлары туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсуі байқалып отыр, мәселен, орналастыруға арналған орындарда туристер саны 12%-ға артып, 10 млн адамнан асқан. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 66-дан 52-орынға көтеріліп, өз позициясын жақсартты. Алдағы уақытта Топ-50 елге кіру мақсаты қойылды.

Капиталды тарту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша салаға тартылған инвестициялар көлемі 32%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады. Жүзеге асыру сатысында тұрған Hilton, Mandarin Oriental кешендерінің, "Ой-Қарағай" курортының және Keruen Inn желісінің құрылысын қоса алғанда, сала бойынша 328 жоба бар. Бұл 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, — деді министр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті