Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында борышкерлерге қатысты бақылау күшейтілді

Абай облысында борышкерлерге қатысты бақылау күшейтілді
Фото: polisia.kz

Абай облысында борышкерлерге қатысты бақылау күшейтілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері алимент төлеуден жалтарып, сот шешімін орындамаған борышкерлерді анықтауда. Соның барысында бір тәулік ішінде Семей қалалық полиция басқармасына жеке сот орындаушылары тарапынан алимент бойынша қомақты қарызы бар борышкерді іздестіруге жариялау туралы өтініш келіп түскен. Аталған қаулыға сәйкес, сот шешімін орындаудан жалтарған азаматқа қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Нәтижесінде, тәулік ішінде Семей қаласының 37 жастағы тұрғыны анықталды. Іздестіру барысында полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, борышкердің Астана қаласында жүргенін нақтылады. Айта кету керек, жыл басынан бері Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі бөлімшелері атқарушылық құжаттарды орындаудан жалтарған 14 борышкерді анықтаған. Аталған шаралар — азаматтардың, әсіресе балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Полиция департаменті алимент төлеу — заңмен бекітілген міндет екенін еске салады. Атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген. Құқық қорғау органдары заң талаптарын орындаудан жалтарған әрбір азаматтың жауапкершіліктен тыс қалмайтынын қатаң ескертеді. Әрбір алимент – бұл жай ғана қаржы емес, бұл баланың болашағына, тәрбиесіне және қамқорлығына қосылған үлес. Заң талабын орындау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Баланың тағдырына бейжай қарамау, өз міндетін адал атқару – әрбір ата-ананың адамгершілік парызы.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті