Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде гипермасштабталатын деректерді өңдейтін ең ірі орталық құрылады

Елімізде гипермасштабталатын деректерді өңдейтін ең ірі орталық құрылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстанда сингапурлық инвесторлар – GK Hyperscale Ltd компаниясының қатысуымен гипермасштабталатын деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) салу бойынша стратегиялық маңызды жоба іске қосылады. Премьер-министр Олжас Бектенов Инвестормен келісім туралы тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, құжатта Ақмола және Қарағанды облыстарында жалпы қуаты 200 МВт болатын екі бірдей деректерді өңдеу орталығын салу және пайдалануға беру үшін 690 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген.

Үкімет атынан Цифрлық даму министрлігі жобаны жүзеге асыруға, оның мемлекеттік цифрлық экожүйеге интеграциялануын қамтамасыз етуге, сондай-ақ «бұлтты» технологиялар мен жоғары өнімді есептеулерді (HPC) дамыту үшін нормативтік жағдай қалыптастыруға белсенді түрде қатысады. Мұндай орталықтарды құру Қазақстанға Microsoft, Google және Amazon сияқты халықаралық технология алпауыттарын, сондай-ақ үлкен деректермен және машиналық оқытумен жұмыс істейтін компанияларды тартуға мүмкіндік береді.

Жоба жалақы деңгейі жоғары жұмысорындарын ашу және технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету арқылы цифрлық экономиканы дамытудың қозғаушы күшіне айналады. Қазақстан IT-қызметтер экспортын едәуірарттырып, халықаралық нарықтарда жергілікті IT-компаниялардың қатысуын кеңейтеді және оның жаһандық цифрлық экожүйелердегі рөлін күшейтеді деп күтілуде.

Осылайша, ДӨО іске қосылуы еліміздің Орталық Азияның цифрлық хабы ретіндегі орнын нығайтады әрі IT-қызметтер экспортының өсуіне жағдай жасайды.

Құрылыстың бірінші кезегі 2027 жылы, ал ДӨО 2030 жылы толық іске қосылады деп жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты