Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

40 градус аязда жолда қалдырмады: ШҚО-да полицей жүргізушіге көмектесті

40 градус аязда жолда қалдырмады: ШҚО-да полицей жүргізушіге көмектесті
Фото: polisia.kz

ШҚО-да полицей -40 градус аязда жолда қалған жүргізушіні құтқарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

18 қаңтарда сағат 21:30 шамасында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында Күршім аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Руслан Керейбаев рейдтік іс-шаралар барысында трассада қауіпті жағдайға тап болған жүргізушіге дер кезінде көмек көрсетті. Күршім – Үлкен Нарын тасжолында ауа температурасы –40 градусқа дейін төмендеген уақытта азаматтың автокөлігі бұзылып қалған.

Полиция қызметкері азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дереу шаралар қабылдап, көмек ұйымдастырып және жүргізушіні экстремалды ауа райы жағдайында жалғыз қалдырмай, тұрғылықты мекенжайына дейін жеткізген. Тәртіп сақшысының жедел әрі кәсіби іс-қимылының арқасында ықтимал қайғылы салдардың алды алынды. Полиция жүргізушілерге қала сыртындағы трассаларға шыққанда ауа райы жағдайы мен көліктің техникалық күйін ескеру қажет екенін еске салады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады