Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда полицей жолда қалған қытайлық туриске көмектесті

Атырауда полицей жолда қалған қытайлық туриске көмектесті
Фото: Polisia.kz

Атырауда полицей жолда қалған қытайлық туриске көмектесті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысы Исатай аудандық полиция бөлімінің жол және техникалық инспекция тобының аға мемлекеттік автоинспекторы республикалық маңызы бар Ақтөбе–Атырау–Астрахань тас жолының 688 шақырымында көлігі тоқтап қалған шетелдік азаматшаға көмек көрсетті. Қытай Халық Республикасының азаматшасы мінген автокөлік жанар-жағармайдың таусылуына байланысты жол бойында қалып қойған. Осы сәтте қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция капитаны Ербол Ізімберген жағдайды байқап, дереу көмекке келген.

Полицей шетелдік азаматшаны жақын маңдағы жанармай құю бекетіне дейін жеткізіп, қажетті жанармай алуына жәрдемдескен. Кейін автокөлікті сүйемелдеп, оның қауіпсіз түрде сапарын жалғастыруын қамтамасыз еткен. Шетелдік азаматша тәртіп сақшысының көрсеткен көмегіне алғыс айтып, шынайы ризашылығын білдірді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады