Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында мас күйде қайта көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды

Жетісу облысында мас күйде қайта көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында мас күйде қайта көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысы Көксу ауданында полиция қызметкерлері бұрын жазаға тартылғанына қарамастан, мас күйінде қайта көлік тізгіндеген жүргізушіні ұстады. Аудан тұрғыны ИЖ-2715 көлігін басқарып, Балпық би ауылындағы Азизбеков көшесімен сенімсіз әрі бейберекет қозғалған. Бұл оған полиция назарын аударуына себеп болды. Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің айқын иісі сезілді. Ол медициналық айықтырғышқа жеткізіліп, сараптама нәтижелері оның мас күйде болғанын растады.

Тергеу барысында 2024 жылы Талдықорған қалалық сотының шешімімен аталған азамат мас күйінде көлік басқарғаны үшін 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Алайда сот шешіміне қарамастан, ол тиісті қорытынды жасамай, заңды қайта бұзған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасуда. Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және мас күйінде көлік тізгіндемеуге тағы да шақырады. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді