ШҚО-да жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде қайта көлік тізгіндеген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Шығысқазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылғаннан кейін бір ай өткен соң қайтадан мас күйде рульге отырған.
Күршім ауданы тәртіп сақшылары аудан ауылдарының бірінде ВАЗ 21102 автокөлік жүргізушісінің күдікті әрекеттерін байқаған. Көлік құралын тоқтатқан кезде ер адамнан алкогольдің иісі шығып тұрған, ол медициналық куәландыруға жіберілген.
Сараптама нәтижесіне сәйкес, 45 жастағы жүргізуші жеңіл дәрежеде масаң күйде болған.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері оның құжаттарын тексеру кезінде ер адамның 4 наурызда көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылғанын анықтаған.
Облыс тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.