Алматыда патрульдік полицейлер есірткіні жасырын қойып кетушіні қолға түсірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласында патрульдік полиция қызметкерлері есірткі құралдарын өткізумен айналысты деген күдікпен ер адамды ұстады. Таңғы сағат 05:00 шамасында Алмалы ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында, Қарасай батыр мен Жароков көшелерінің қиылысына жақын маңда патрульдік экипаж жас жігіттің күмәнді әрекетіне назар аударған. Күдіктіні тінту барысында одан ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар табылды.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық есірткі болып шықты. Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. 20 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұсталған азамат есірткіні жасырын қойып кетуші ретінде жұмыс істеген. Яғни тапсырмаларды интернет арқылы алып, жасырын орындардың координаттарын және ақшалай сыйақыны онлайн форматта алған. Қазіргі уақытта жедел бөлімшелер заңсыз әрекетті ұйымдастырған тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізуде. Олар ұсталып, заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Сондай-ақ ол жастарға үндеу жасады.