Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кентаудағы жаңа жыл түні болған жойқын жарылыс: зардап шеккен екінші адам көз жұмды

Кентаудағы жаңа жыл түні болған жойқын жарылыс: зардап шеккен екінші адам көз жұмды
Фото: pixabay.com

Кентауда кафеде болған жарылыс салдарынан зардап шеккен екінші адам көз жұмды. Оның қаза тапқаны туралы ақпарат әуелі әлеуметтік желі қолданушылары арасында тарап, кейін жергілікті әкімдік растады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы 11 қаңтарда Otyrar.kz жазды.

Билік өкілдерінің мәліметінше, жас жігіттің денесінің шамамен 90 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол кеше көз жұмған.

Газ-ауа қоспасының жарылысы мен одан кейінгі өрт 1 қаңтар күні көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында болған. Оқиға салдарынан 18 жастағы студент қыз оқиға орнында қаза тауып, тағы төрт адам әртүрлі деңгейде жарақат алған. Зардап шеккендердің екеуі жансақтау бөліміне жеткізілген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, тергеу жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады