Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Стамбулда жарылыс болып, 80-нен астам адам жарақат алды

Кеше Түркияның Стамбул қаласында жаяу жүргіншілерге арналған көшелердің бірінде жарылыс болды. Кем дегенде 81 адамның зардап шеккені белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz.

Түркия вице-президенті Фуат Октайдың айтуынша, Стамбұл орталығында болған жарылыстан зардап шеккендердің саны артқан.

"Бізде 81 адам зардап шеккен. Екеуінің жағдайы ауыр", – деді вице-президент журналистерге. 

Жарылыс кеше күндіз Стамбұл орталығындағы жаяу туристерге арналған Истикляль көшесінде болды. Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алты адам қаза тауып, 53 адам жараланғанын хабарлаған болатын.

Қазақстан Республикасының Стамбұлдағы Бас консулдығының мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша кеше, 13 қараша күні 16:20 (Астана уақыты бойынша 19:20) шамасында болған. Бұл туралы ведомствоның ресми Telegram-арнасында хабарланды. Сондай-ақ, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Бас консулдық Түркияның құзырлы органдарымен және әкімдікпен байланыста екенін атап өтті. Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғы туралы ақпарат анықталуда. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады